Қылмыс

Петропавлда заңсыз майнингтік қызмет фактісі анықталды

Петропавлда заңсыз майнингтік қызмет фактісі анықталды! Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, криптовалюта шығарған ферма қаланың қақ ортасында орналасыпты.

Пысықайлар бұрынғы көкөніс сақтау орнын заманауи құрылғылармен жабдықтаған. Нысанда цифрлық ақша өндіретін бақандай 273 бірлік техника болыпты. Олар айына шамамен 150 мВт электр қуатын тұтынған. Мұндай көлем желілерде жиі апат орын алып, жарықтың өшіп қалуына әсер етеді екен. Ал заңға қайшы жолмен өндірілген криптовалютаның жалпы құны 68 млн 331 мың теңгені құрайды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 214 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бердимурат Баймухан