Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша жаңа рекорд тіркелді! Өткен жылы елімізде 450 мың 652 сәби өмір есігін ашқан. Бұл 2020-мен салыстырғанда 25 мыңға немесе 5,9%-ға көп.
Дүниеге келген нәрестелердің саны жөнінен шырайлы Шымкент қаласы – көш басында. Ал Солтүстік Қазақстан облысы тізімнің ең соңында тұр. Былтыр аққайыңдар өлкесінде 6 мың 048 бала дүниеге келген. Оның 58-і – егіз. Сондай-ақ, өткен жылы өңірімізде 35 жастағы ақжарлық ана үшемді бауырында басқан. Ұлттық статистика бюросы ұсынған тағы бір деректі қоса кетейік, былтыр республика халқының саны 19 миллион адамнан асты.
Байболат Култанов