Елдегі эпидахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Өткен тәулікте 600-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдығу көрсеткіші бойынша әлі де Алматы қаласы – көш басында. Оңтүстік астанада соңғы 24 сағатта 203 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта тәж вирусынан 34 мыңнан астам қазақстандық емделіп жатыр.
Оның 4 жарым мыңнан астамы – стационарларда. Дәрігерлердің айтуынша 105 адамның жағдайы өте ауыр күйде. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал бір айдан астам уақыттан бері “қызыл” аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 72 жаңа жағдай тіркелді. Теріскей өңірімен бірге Алматы қаласы да “қызыл” аймақта тұр. Ақмола, Қостанай мен Павлодар облыстары – “сарыда”. Қалған өңірлер – “жасыл” зонада.
Дана Ешкенова