Бизнес және экономика

Туризм саласының өкілдеріне субсидия төленеді

Жаңа жоба аясында кәсіпкерлер 4 бағытта субсидияланады. Яғни, іскер жан туристік нысан салса, оған мемлекет жұмсаған қаржысының 10 пайызын қайтарады. Егер туристік класстағы транспорт сатып алған болса 25 пайызы беріледі. Ал жолаушылар үшін трасса бойында қызмет көрсету ғимараттарын тұрғызған болса, оған да 10 пайыз субсидия төленетін болады.

Данияр Исаев, СҚО кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Сонымен қатар, санитарлықгигиеналық нысандарды күтумен айналысатын адамдарға да субсидия төленеді. Бұл мақсатта ай сайын 83 мың 300 теңге төленіп отырады. Осы орайда айт кету керек, мердігер қызмет көрсететін санитарлық орындардың іші таза, жылы, жарық болуы қажет. Бір сөзбен айтқанда заманауи стандарттарға сай болуы тиіс. Сондайақ, нысан туристер көп келетін аумақта орналасқаны жөн.

Аталған мемлекеттік көмекті алу үшін іскер жандар наурыз айының 1-іне дейін облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жүгінулері қажет екен. Өтініш электронды жазбаша түрде беріледі.

Данияр Исаев, СҚО кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Өтініш берген кәсіпкерлер ғимарат тұрғызғанын және автотранспорт сатып алғанын растайтын құжаттарды тапсырулары керек. Сонымен қатар, сараптаманың жобалықсметалық құжаттамасын қатар жібереді. Және кәсіпкерлердің мойнында салықтық қарыздары болмауы қажет. Кейін қабылданған ісқағаздарды 2 күн ішінде арнайы комиссия тексеріп, мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдайды.

Комиссия субсидия бөлуді мақұлдаған соң, қаржы кәсіпкердің шотына 15 күннің ішінде аударылады. Айта кеткен жөн, бағдарламаға құрылысын биыл аяқтаған кәсіпкерлер ғана ілігеді. Ал өтінішті міндетті түрде 1-ші наурызға дейін жіберіп үлгерулері қажет, егер үлгермесе субсидия келесі жылы бөлінеді.

Бердимурат Баймухан