Қылмыс

Қос солтүстікқазақстандық 5 млн теңгеден қағылды

Қос солтүстікқазақстандық 5 млн теңгеден қағылды. Бұл жолы да пысықайлар банк қызметкері атын жамылған. Жақында полицейлерге қала тұрғыны жүгінді. Оның шотынан айлакерлер 2 млн теңгеден астам қаражатты жымқырып кеткен. Ер адамға белгісіз біреулер қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Кейін азаматқа шотынан біреу ақша алуға тырысқандығын айтқан.

Сол кезде жұмыстан бас алмай отырған петропавлдық ұялы телефонына келген sms-хабарламадағы құпия сөзді атаған, осылайша пысықайлар оңай олжаға қол жеткізген екен. Мұндай жайтпен жақында 59 жастағы нәзікжанды да бетпе-бет келіпті. Оның шотынан алаяқтар 3 млн теңгені аударып алған. Қазіргі таңда бұл фактілер бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдияр Айтпаев