Бизнес және экономика

Елордада “Атамекен” ҰКП-ның 9 кезектен тыс съезі өтті

Бүгін елордада “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының IX кезектен тыс съезі өтті. Жиында ұйымның төралқа төрағасы лауазымына Райымбек Баталов сайланды. Жиын барысында шағын және орта бизнес өкілдерінің бірталай мәселесі көтерілді. Соның бірі іскер жандарды мүшелік жарна төлеуден босатуға қатысты.

Бұл туралы осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын. Бүгінде 21 мыңнан аса шағын бизнес субъектісі немесе олардың 74%-ы мүшелік жарнаны төлеушілер болып саналады. Бұл ретте жарнадан түсетін түсімдер 1,2 млрд теңгені құрайды. Өзгеріс шағын бизнеске айтарлықтай қолдау болмақ дейді кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Отырысқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та қатысып, іскер жандардың әр мәселесі мұқият қаралатынын жеткізді.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

– Өткен жылы бірінші вице-премьер ретінде шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде апта сайын кеңестер өткізіп отырдым. Онда 18 сала бойынша бизнестің 360-тан аса мәселесін қарадық. Осы проблемалардың 75%-ы оң шешімін тапты. Кеңесте қосымша 250-ден аса мәселе айтылды. Жиында олар туралы айтылды. Үкімет осы сұрақтарды жұмысқа алып, белсенді түрде қарастырады. Барлық проблема мұқият қаралады.

Эльмира Садвокасова