Мәдениет

«Шоқтығы биік есімдер» атты көрме қанат жайды

Көрмеде түрлі экспонаттар қанат жайған. Барлығы жергілікті танымал жазушы-ақындарға тиесілі. Бұл – олардың көздері тірі кезінде қолданған заттары мен кітаптары. Мәселен, мына дәптер Ғабит Мүсіреповке тиесілі. Бұл оның жеке қолжазбасы екен. Яғни, өзіміздің бүгінде оқып жүрген “Ұлпан” атты кітаптың түпнұсқасы.

Ирина Матвеева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

– Біздің көрмеде ұсынылған ерекше экспонаттардың бірі – Ғабит Мүсіреповтің “Ұлпан” романы. Ол бұрынғы төте жазумен жазылған. Қолжазба 240 беттен тұрады. Туынды 1974 жылы жарық көрді. Біз оны Жаңажол ауылындағы Ғабит Мүсірепов музейінен алып келдік.

Мына ат әбзелі де Ғабит Мүсіреповке тиесілі. Қаламы қарымды тұлғаға ертоқымды кішкентай кезінде сүндет тойға арнап туыстары сыйлаған екен. Одан бөлек өмірінің соңында пайдаланған домбырасы да осы жерде тұр. Сондай-ақ, көрмеде студенттерге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов, жерлес жазушылар Сафуан Шаймерденов, Кәкімбек Салықов пен солтүстікқазқастандық ұшқыш-ғарышкерлер Владимир Шаталов пен Александр Викторенконың жеткен жетістіктері таныстырылды. Жастарға олардың жүріп өткен өмір жолы мен атқарған еңбектері баяндалды.

Ақмарал Ыбыраева, Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректор кеңесшісі:

– Бұл шара ұрпаққа тек тәрбие береді. Оларға – рухани азық. Білім алушыларға тек білімдерін күшейтуге көмектеседі. Өйткені, біз рухани байлық алмай, болашаққа даму өте қиын. Сондықтан, жастарды тәрбиелеу ең бірінші осындай тұлғалардың ісімен, олардың әсерімен болашаққа тәрбие бере аламыз.

Бүгін көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді.

Бердимурат Баймухан