Облыс орталығында бір жарым айдың ішінде 26 өрт оқиғасы тіркелді. Оның басым бөлігі жеке секторда бас көтерген. Себеп – сол баяғы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Осы орайда төтенше жағдайлар басқармасының мамандары күнделікті рейд шараларын жүргізіп жатыр.
Жұмысшы кентіндегі жер үйлердің дені орталық жылыту жүйесіне қосылмаған. Үйлер отын-көмірмен жылытылады. Сол себепті, мамандар әр үйге кіріп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін айтты, пештерін тексерді. Әзірге, ешқандай олқылық анықталған жоқ.
Даниэль Саркисян, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:
– Шаруашылық мақсаттағы нысандардың жанып жатқандығы туралы хабар 101 нөміріне жиі түседі. Тұрғындардың кейбірі әлі толық сөнбеген күлді сол нысандардың іргесіне төгіп жатады. Содан өрт шығады. Осындай рейдтік шаралар кезінде біз үй иелеріне қауіпсіздік ережелерін еске салып отырамыз.
Алдияр Айтпаев