Енді өңірдегі эпидахуалға тоқталайық. Соңғы тәулікте коронавирус 109 солтүстікқазақстандықтан анықталды. Оның 15-і ғана – симптомсыз. Қалғандарында аурудың анық белгілері байқалады. Ұсынылған деректен облыста инфекция жұқтыру фактісінің өткен күндермен салыстырғанда сәл төмендегенін байқаймыз. Дегенмен, аққайыңдар өлкесі әлі де “қызыл” аймақта тұр.
Соңғы статистикаға сүйенетін болсақ, ел бойынша эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. 1 күннің ішінде 1508 адам COVID-19-ға шалдыққан. Басым бөлігі – алматылықтар. Оңтүстік астанада 580 жан сырқаттанып қалған. Бүгінде теріскейден бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары – «қызыл» аймақта.
Бердимурат Баймухан