Спорт

«Qyzyljar» футбол құрамасы Түркияда 2 ойын өткізді

Жергілікті «Qyzyljar» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында 2 жолдастық кездесу өткізді. Кеше жергілікті команда эстониялық “Левадия” командасымен тең ойнады. Матч 1 де 1 есебімен аяқталды. Ал бұған дейін болған ойында солтүстікқазақстандықтардың асығы алшысынан түсті. Жерлестеріміз ресейлік “Ленинградец” клубын 3 те 1 есебімен ұтты. Белек қаласында өтіп жатқан дайындық жұмыстары 24-ші ақпанға дейін жалғаспақ. Келесі қарсыласымыз – қырғызстандық “Дордой”. Бұл кездесу алдағы жексенбіге белгіленген.