ТЖ

СҚО-да 61 жастағы ер адам өрттен қаза тапты

СҚО-да 61 жастағы ер адам өрттен қаза тапты. Оқиға өткен аптада Шал ақын ауданындағы Ұзынжар ауылында болды. Өрт сөндірушілерге үйдің жанып жатқандығы туралы хабар күндізгі 12-лер кезінде келіп түскен. Мамандар жеткенше баспана толығымен жанып кеткен.

Оқиға орнынан күйіп қалған адамның денесі табылған. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің айтуынша үй иесі ащы суды жиі тұтынған көрінеді әрі өзі жалғыз тұрған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалпы, жыл басынан бері Шал ақын ауданында 2 өрт оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда оның туындауына адамның салғырттығы себеп.

Бердимурат Баймухан