Облыс әкімі Құмар Ақсақалов балалар инфекциялық бөлімшесіне қатысты түсініктеме берді. Нысан қатты ескірген. Сондықтан, ата-аналар қауымы ғимаратты ауыстыруды сұрап отыр. Мәселе қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біржақты етіледі дейді аймақ басшысы.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Біз балалар инфекциялық бөлімшесін өткен жылы бой көтерген инфекциялық ауруханаға көшіреміз. Емдеу мекемесі 200 науқасқа шақталған. Нысан барлық заманауи стандартқа сай салынып, қажетті қондырғылармен қамтылған. 100 орынды балаларға бөлуді жоспарлап отырмыз.
Бердимурат Баймухан