52 мың 818. Қазіргі күні елімізде дәл осынша адам коронавируспен ауырып жатыр. Өткен тәуліктің өзінде қауіпті инфекция 1300-ден астам қазақстандықтан анықталды.
Жекелей тоқталар болсақ, облыста бір күнде 143 адам вирус жұқтырған. Павлодар, Қостанай облыстарымен бірге теріскей өңірі де инфекцияға шалдығу статистикасында көштің ең басында тұр әрі “қызыл” зона ретінде танылып отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола мен Қарағанды облыстары да – “қызыл” аймақта.