Ел мерейін асырған қыз – Шал ақын ауданына қарасты аядай ғана Повозочное ауылының тумасы. Ол спортқа кештеу келіпті, десе де өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында қатарластарының алды болып, биік белесті бағындырып отыр. Австрияда “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” нормативін орындаған бұрымды келесі жылдан бастап әйелдер арасында өнер көрсетпек.
Инесса Шумекова, конькимен жүгіруші:
– Әлем чемпионаты мен әлем кубогы Австрия елінде өтті. Қос жарыста да қанжығам майланды. Өте керемет сезімде болдым. Өйткені, жаһандық додада бесекелестік жоғары. “Сен тұр, мен атайын” деген спортшылар жиналады. Мықтылардың арасында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Әрі қарай еңбек етеміз. Алда маңызды жарыстар бар.
Байболат Култанов