Спорт

Кәсіпқой боксшы Евгений Павлов журналистермен жүздесті

Өткен жылы кәсіпқой боксшы Евгений Павлов WBA Intercontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке ие болды. Ол бұл жүлдеге қол жеткізу үшін 5 кездесу өткізді. Барлығында басым түсті. Желтоқсан айында Мәскеу қаласында ұйымдастырылған соңғы айқаста жерлесімізге тәжірибелі венесуэлалық спортшы қарсы тұрды. Жекпе-жек 5-ші раундта аяқталды. Евгений нокаутпен жеңіске жетті

Евгений Павлов, кәсіпқой боксшы, WBA International белбеуінің иегері:

1 жарым жылдың ішіндегі ең қиын кездесу филиппиндік боксшымен болды. Ол – өте тәжірибелі, мықты саңлақ. Мен әрбір жеңісімді еліме арнаймын. Келесі жекпе-жекті сәуір айында өткізуді жоспарлап отырмын. Әзірге, қарсыласымның кім екені, қай жерде жұдырықтасатыным белгісіз.

Жалпы, Евгений Павлов – Петропавл қаласында орналасқан “Олимп” балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Жас спортшының томағасын қазіргі таңдағы бокстан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Языков сыпырған. Маман баланың талантын бірден байқап, әуесқойлар арасында өткен жарыстарға қатыстырыпты.

Денис Языков, бокстан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы:

Евгенийді 8 жасынан бастап танимын. Өте талантты жігіт. Бала кезінен бастап жаттығудан бас алмайды. Қай спорт түрімен айналысса да чемпион атанарына кәміл сенімдімін. Алдағы уақытта шәкіртіме алар асуларың биік болсын деп тілеймін.

Жалпы, бүгінде аққайыңдар өлкесінде 500-ге жуық солтүстікқазақстандық бокспен айналысады.

Дана Ешкенова