Қылмыс

Өткен тәулікте өңірде коронавирус жұқтырудың 236 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте өңірде коронавирус жұқтырудың 236 жағдайы тіркелді. Жазылғандар жайлы айтар болсақ, соңғы 24 сағат ішінде 340 солтүстікқазақстандық дерттен құлантаза айыққан.

Енді елдегі статистикамен бөліссек, ақпанның 9 күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 3 мың 329 адам жұқтырған. Індетке шалдығу көрсеткіші бойынша Алматы қаласы – көш басында. Мегаполисте бір тәулікте мыңға тарта адамның бойынан тәж вирусы анықталған. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырудың 1 млн 283 мың жағдайы тіркелді.

Алдияр Айтпаев