Денсаулық сақтау

Облыста жануарлардың қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы орын алды

Облыста жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары тыйылмай тұр. Жуырда ғана сондай 2 жағдай тіркелді. 55 жастағы Сергеевка қаласының тұрғыны түнгі уақытта Петропавлға қарай жол жүріп бара жатқан. Сол кезде алдынан жылқы шыққан. «Nissan» маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам жануарға барып соғылады. Осыған ұқсас жағдай келесі күні таңғы 6-да Жаңажол ауылының маңында қайталанды. Екі жағдайда да жылқылар мерт болған. Көліктерге зақым келген, ал оның иелері аман-есен. Аталған фактіге қатысты полиция қызметкерлері жануарларды қараусыз жіберген қожайындарына әкімшілік хаттама толтырды.

Бердимурат Баймухан