Мәдениет

“Балалар қолымен бейнеленген болашақ” байқауының жеңімпаздары марапатталды

Владислав Ляшенко лего құрастырумен 8 жылдан бері айналысып келеді. Әуел баста жекіншек тек түрлі ойыншықтарды ғана жасаумен әуестенген. Уақыт өте конструктордың көмегімен техникалық жабдықтарды жасауды да үйреніпті. Жақында №1 орта мектебінің оқушысы “Балалар қолымен бейнеленген болашақ” байқауына өз жұмысын ұсынған екен. Ойлап шығарған туындысы да ерекше.

Владислав Ляшенко, “Балалар қолымен бейнеленген болашақ” байқауының жеңімпазы:

– Ел бойынша облысымыз аграрлы өңір ретінде танымал. Сол себепті, құрастырған техникам осы ауыл шаруашылығымен байланысты. Алдымен комбайнның алдымен дөңгелектерін жасадым. Кейіннен кабинасы, орақ пен конвейері орнатылды.

Владиславтың байқауға ұсынған туындысына қазылар жоғары баға беріп, 1-ші орынға лайықты деп тапты. Алдағы уақытта жасөспірім техникасын одан әрі жетілдіруді көздеп отыр.

Джамиль Баязитов – байқаудың ең жас қатысушысы. Небәрі 6 жастағы өнертапқыш Достық үйінде ұйымдастырылатын әрбір байқауда төбе көрсетіп, жүлде еншілейді. Осы жолы да оның ойлап тапқан туындысы жоғары бағаланды. Ол өз қатарластары арасында 1-ші орынға ие болды.

Джамиль Баязитов, “Балалар қолымен бейнеленген болашақ” байқауының жеңімпазы:

– Өз туындым жайлы айтар болсам, бұл – механикалық қол. Оны мен сызғыш, болт пен медициналық құрал-жабдықтардың көмегімен жасадым. Бұл менің алғашқы туындым болғаннан кейін әкем көмектесті. Екі күн бойы еңбек еттік. Ойлап шығарған дүнием, әзірге, зат тасымалдауға ғана арналған.

«Балалар қолымен бейнеленген болашақ» байқауына барлығы 32 жас өнертапқыш қатысты. Олардың 9-ы жүлделі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.