Қоғам

Қазақстан шекарасында карантиндік шектеулер өзгерді

Қазақстан шекарасынан өту талаптары жеңілдетілді. Ведомствоаралық комиссия уақытша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Енді ел азаматтары халықаралық әуежайлар арқылы шетелге шыға алады. Сондай-ақ, визасыз режимі бар елдердің жолаушылары Қазақстан аумағымен өтуге және шығуға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, шетелге баратын темір тұлпар тізгіндеген қазақстандықтар үшін шектеу мерзімі екі есеге азайтылды. Осылайша олар 15 күнде бір рет шекара асады. Ал ел территориясына кіру үшін шетелден келген азаматтардың қолында коронавирус жұқтырмағаны жөніндегі тест болуы керек. Аталған құжаттың жарамдылығы 72 сағатты құрайды.

Бердимурат Баймухан