Денсаулық сақтау

Өткен тәулікте өңірде індет жұқтырудың 274 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте өңірде індет жұқтырудың 274 жағдайы тіркелді. 254 науқастың бойынан аурудың анық белгілері байқалса, қалғандары тәж вирусының симптомсыз түріне шалдыққан.

COVID-пен сырқаттану көрсеткіші бойынша әдеттегідей Петропавл көш бастап тұр. Дерт 24 сағатта 90 тұрғыннан анықталған. Бүгінде облыста ПТР тест жасалатын 4 зертхана жұмыс істеп тұр. Кеше аталған медициналық мекемелерде 1100-ге тарта адамнан сынама алынған. Ал, пандемия басталғалы зертханаларда 605 мыңнан астам зерттеу жүргізілген екен. Нәтижесінде 41 мыңнан астам жанның инфекцияға шалдыққаны белгілі болған.

Алдияр Айтпаев