Қылмыс

Жыл басталғалы СҚО-да 39 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Петропавлда өзге елдің тұрғынын жөндеу жұмыстарын жүргізуге заңсыз жалдаған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері облыста ҚР-ының аумағында болу мерзімін бұзған 39 шетелдік азаматқа айып тағылды. Сондай-ақ, шетелдіктер қонақтап жатқан үй иелері де жауапкершілікке тартылған. Айыпты 60-қа жуық азаматтың дені ішкі істер органдарына үйіне өзге мемлекеттен адам келгенін 3 күн ішінде хабарламаған.

Полиция қызметкерлері өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Қазіргі уақытта облыс аумағында 2 жарым мыңнан астам шетелдік азамат жүр. Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша қаңтар айында шетелдік қонақтарға жұмысқа тұруға құқық беретін 105 патент рәсімделген.

Данаш Хамзина