Денсаулық сақтау

СҚО-да соңғы тәулікте 370-ке жуық адам коронавирусқа шалдыққан

Елдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Соңғы тәулікте елімізде коронавирус инфециясын 7 мың 656 адам жұқтырып алған. Дені – алматылықтар. Оңтүстік астанада мың жарымнан астам адамнан COVID-19 анықталған. Солтүстік Қазақстан облысында да жағдай мәз емес. Соңғы 24 сағаттың ішінде 370-ке жуық тұрғыннан тәж вирусы табылды. Басым бөлігінде дерттің анық белгілері байқалады. Пандемия басталғалы Қазақстанда 1 млн 340 мың адам коронавирус жұқтырған.

Дана Ешкенова