Петропавлда Интернационал көшесіндегі 5 қабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Оқыс жағдай бүгін таңғы сағат 8-ге қарай болды. Тілсіз жау 1 бөлмелі баспананың 18 шаршы метрін шарпып, үй жиһаздары жанып кеткен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды шамамен 20 минуттың ішінде сөндірген. 30-ға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің неден тұтанғандығы және материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Бердимурат Баймухан