МТРА жаңалықтары

Қос қола қоржынға түсті

Солтүстікқазақстандық пара спортшылар жаһандық жарыста сәтті өнер көрсетті! Швеция елінде пара шаңғы және пара биатлон өткен Әлем кубогінде теріскейлік Александр Герлиц пен Ербол Хамитов қос қолаға қол жеткізді. Айта кетейік, ел мерейін асырған жігіттер – қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” клубының өкілдері. Жалпы, халықаралық додада әлемнің 17 мемлекетінен келген ең мықты 110 спортшы бақ сынаған.

Байболат Култанов