Қоғам

Қазақстандағы ең қымбат тұрғын үй қай қалада сатылады?

Тұрғын үйді жалға алу құны бойынша Қазақстан 107 мемлекеттің ішінде 82-ші орынға ие болды. Алайда, бір жылдың ішінде елде пәтер жалдау құны 18% өскен.

Мәселен, елордада бір бөлмелі баспанада тұру үшін ай сайын орта есеппен 130 мың теңге төлеу қажет. Одан кейінгі сатыда – Алматы мен Ақтау. Яғни, оңтүстік астана мен Каспий жағасындағы үйлердің бағасы бас қаладағыдан шамалап төмен. Орал мен Шымкентте де жалдау құны жоғары. Ал ең арзан пәтерлер Таразда екен. Жамбыл облысының орталығында бір шаршы метрге бекітілген сома 1,5 мың теңгеге жетеді.

Байболат Култанов