Қылмыс

Заңсыз мигранттарға көмек көрсеткен үшін жауапкершілік қарастырылған

Заңсыз еңбек мигранттарына көмек көрсеткен үшін жаза қарастырылған. Тіпті, мұндай азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Яғни, құжаттары жоқ адамдарға шекара шебінен асып кетуге жәрдемдессе, уақытша тұрғын үй ұсынса немесе белгілі бір жерге дейін жеткізіп берсе, қолданыстағы заңға сәйкес 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал немесе 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Дана Ешкенова