Жыл басынан бері 250 мың қазақстандық COVID жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша орташа есеппен тәж вирусын бір тәулікте 8 мың адам жұқтырады екен. Қазіргі таңда сырқаттану көрсеткіші бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Ал Қызылорда мен Шымкент облыстары – «сары», қалған өңірлер «қызыл» аймаққа жайғасқан. Сондай-ақ, еліміздің бас дәрігері Ажар Ғиният соңғы аптада оқушылар арасында сырқаттанғандар саны 1,3 есеге артқанын атап өтті.
Дана Ешкенова