Бүгінде халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлемеген жандарға аталған жүйе аясында медициналық қызмет көрсетілмейді деген кері пікір қалыптасқан дейді мамандар. Шын мәнісінде, сақтандырылмаған азаматтарға да тегін медициналық көмек қарастырылған. Әуелі, мұндай жәрдем түрін жалпы кімдер алуға құқылы екенін айта кетейік.
Қарлығаш Ілиясова, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:
-Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көрсетілген медициналық қызмет ақысы бюджет қаражатынан төленеді және оларды: Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ала алады. Яғни олар ТМККК аясында медициналық көмек алуға құқылы.
Сонымен, сақтандырылмаған азамат қандай медициналық көмекті тегін ала алады? Әрине, бірінші кезекте – жедел жәрдем қызметі. Оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиация, яғни шұғыл көмек қажет болып жатса, пациенттің мәртебесіне қарамастан оған міндетті түрде жәрдем көрсетілуі тиіс. Екінші кезекте, медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметтері. Оның ішіне мыналар кіреді:
1. Ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және қадағалау;
2. Халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
4. Иммундау (вакцинация);
5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
6. Ұрпақ жаңғырту денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;
7. Жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерді бақылау;
8. Инфекциялық ауру ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
Қарлығаш Ілиясова, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ бөлім жетекшісі
-Келесі медициналық қызмет бұл – амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек. Сондай-ақ, стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек қарастырылған. Соның ішінде бұған коронавируспен ауырған науқастарды үйде емдеу кіреді. 96 план 00:04 Тағы патологиялық-анатомиялық диагностика және қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу немесе отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту.
Сондай-ақ, созылмалы аурулары бар динамикалық есепте тұрған адамдар үшін тегін дәрі-дәрмек қарастырылған. Сонымен, сақтандырылмаған азаматқа шұғыл көмек қажет болған жағдайда дәрігерлер сақтандыру мәртебеңіз жоқ екенін айтып, қызмет көрсетуден бас тартса шағыммен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз.
Дана Ешкенова