Білім

“Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығында онлайн курстар өтіп жатыр

Мұндай онлайн курстар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен орыс мектептерінде сабақ беретін мұғалімдерге арналған. Дәріс барысында ұстаздар оқыту үрдісінде IT-технологияларды пайдалану, өзге де жаңашыл әдіс-тәсілдерді енгізу механизмін, тапсырмаларды саралаудың тиімділігін, балаларды көркем әдебиет оқуға қызықтыру және тілдік дағдыларын дамытудың әдіс-тәсілдерін үйренуде.

Гүлзат Әлжанова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

– Бұл курсты өткізудегі мақсатымыз – қазіргі таңда оқыту үдерісіндегі қажеттілікті қанағаттандыру. Курс барысында тыңдаушылардың ынтымақтаса-бірлесе жұмыс істеуіне назар аударамыз.

Жалпы, екі апталық курс қаңтардың 24-і бастау алған. 80 сағаттан тұратын біліктілікті арттыру сабақтары ақпанның 4-і аяқталмақ.

Гүлзат Әлжанова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы:

– Бұл курс Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өтуде. Осы курс арқылы оқушылардың білім деңгейін бағалауға байланысты бағалау критерийлерін қарастырамыз. Сонымен қатар, оқыту процесі кезінде инновациялық технологияларды қаншалықты тиімді өткізу бойынша тренингтер өткіземіз. Біліктілікті арттыру курстары барысында ұстаздар өз жобаларын қорғаулары тиіс. Кейін біздің орталықтың сертификаттары берілмек.

“Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту” курстарына облыс бойынша 47 ұстаз қатысуда.

Дана Ешкенова