Қоғам

2021 жылы инфляция мөлшері 8,4% құрады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айында елдегі инфляция мөлшері 0,6%-ды құрады. Ал жылдық инфляция 8,4% жеткен. Теріс динамиканың қалыптасуына негізінен азық-түліктің қымбаттауы әсер етіп отыр. Мәселен, былтыр күнделікті тұтынатын өнімдер құны 9,9 пайызға өссе, басқа да тауар түрлері 8,5 пайызға қымбаттаған. Ақылы қызметтердің бағасы 6,5 пайызға артқан.

Бердимурат Баймухан