Спорт

“Qulager” ХК осы жылғы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады

“Qulager” ХК осы жылғы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Жергілікті имек таяқ шеберлері сырт айдында өскемендік “Torpedo” ұжымын қос ойында да тізе бүктірді. Дүйсенбі күні өткен алғашқы кездесуде солтүстікқазақстандық құрама айдын иелерін 3 те 7 есебімен ойсырата ұтты. Ал сейсенбі күні қарымта кездесуде 0 де 1 есебімен жеңді. Жалғыз голды қарсыластарының қақпасына Илья Ахметов дарытып көзге түсті. Келесі кездесуді петропавлдықтар қаңтардың 28-і мен 29-ы күндері павлодарлық “Ertis”-ке қарсы өткізеді. Қазіргі таңда теріскейлік ұжым 42 ұпаймен турнирлік кестенің 6-шы сатысында тұр.

Алдияр Айтпаев