Спорт

Солтүстікқазақстандық палуандар Ресейдегі гран-при турнирінде бақ сынайды

Солтүстікқазақстандық еркін күрес палуандары Иван Ярыгин атындағы гран-при турнирінде бақ сынайды. Көрші елдегі байрақты бәсекеде Сұлтан Бейісов – 65, ал Нұрқожа Қайпанов 74 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шықпақ. Дәстүрлі дода қаңтардың 26-сы мен 31-і аралығында Красноярск қаласында өтеді. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Алдияр Айтпаев