Денсаулық сақтау

Бір тәуліктің ішінде COVID жұқтыру деңгейі 21% төмендеді

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус күннен-күнге дендеп барады. Өткен тәулікте 263 солтүстікқазақстандықтың ПЦР сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Басым көпшілігінде ауру бегілері анық байқалады. Инфекцияға шалдыққандардың дені – петропавлдықтар. Барлығы – 140 адам. Жалпы, бір тәулікте өңірдің 800 тұрғынынан ПЦР тест алынса, нәтижесі расталғандар соның 20 пайызын құрайды. Бұл – облысқа қатысты жекелей алғандағы жағдай. Ал жалпы ел көлеміндегі ахуалды бағамдайтын болсақ, мамандардың айтуынша коронавирус жұқтыру Қазақстан бойынша 21 пайызға төмендепті. Жексенбі күні тәж вирусына 11 мың адам шалдықса, соңғы 24 сағат ішінде 9 мыңнан астам қазақстандық індет жұқтырған.

Алдияр Айтпаев