Солтүстікқазақстандықтарға жарық және жылу таратушы өндіріс ошақтарындағы ақаулар мен олқылықтарды атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаменті үнемі мониторинг жүргізіп, анықтап отырады. Мәселен, өткен жылы ведомство өкілдері жоспардан тыс 6 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 10 тармақтан тұратын 3 ұйғарым берілген. Бүгінге дейін 2 ұйғарым және 7 тармақ орындалыпты. Сондай-ақ, тексеріс барысында кей заңды және жеке тұлғалардың тарапынан олқылықтар анықталған.
Жәмила Әбдіқасымова, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің бас маманы:
– Нәтижесінде, 2 әкімшілік іс қозғалды. Қорытындысы бойынша 600 мың көлемінде айыппұл салынып, мемлекет кірісіне толығымен өндіріліп алынды. Біріншісі, ол – жеке тұлғаға: Электр желістік қорғау аймағында жұмыс істегені үшін. Екіншісі, электр желістік тарату компаниясына айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, ведомство өкілдері 33 профилактикалық бақылау жүргізген. Олардың нәтижелері бойынша 15 тармақтан тұратын 7 ұсыным берілді. Бүгінгі таңда 5 ұсыныс пен 13 тармақ орындалыпты. Ал 2 кәсіпорынға қатысты қос ұсыным әлі де жүзеге аспаған екен.
Жәмила Әбдіқасымова, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің бас маманы:
– Бүгінде бұл екі кәсіпорын жартыжылдық профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді. “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ ұсынымның берілген себебі – жылыту маусымында көмір қорын сақтамағаны үшін. Ал “Зенченко және К” командиттік серіктестіктігіне берілген себебі – квалификациялық білімді тесеруден өтпегені үшін.
Өткен жылы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаментіне 100-ден астам өтініш келіп түскен. Арыздардың басым көпшілігі электр желілері өтетін аумақта құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысты. Ведомство өкілдері өтініштердің барлығын қарастырып, жауабын берген.
Дана Ешкенова