Петропавлда жыл басынан бері 700-ден астам жол-қозғалыс ережелерін бұзу фактісі тіркелді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқыс оқиғалардың көбісі ауа райының қолайсыздығы мен темір тұлпар иелерінің діттеген жерге асығуынан орын алып жатады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығында күніне 10-ға жуық патрульдік көлік кезекшілікке шығады. Сонымен қатар, қалада құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектесетін арнайы автоматты жүйе де іске қосылған. Заманауи қондырғылардың арқасында өткен жылы 6 мыңнан астам тәртіп бұзушылық тіркелген.
Рустам Шәкібаев, СҚО ПД ӘПБ аға инспекторы:
– Петропавлда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтарды анықтайтын 7 автоматты жүйе жұмыс істеп тұр. «Интегра» деп аталатын қондырғы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен және тоқтау сызығынан асқан көліктерді тіркейді. Бұдан бөлек, қаладағы 4 көшеде жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілерді анықтайтын жүйе бар.
Бердимурат Баймухан