Қылмыс

Облыс тұрғындарынан заңсыз сақталған 5 қару тәркіленді

Облыс тұрғындарынан заңсыз сақталған 5 бірдей қару тәркіленді. Тегіс ұңғылы және аңшы мылтықтары М.Жұмабаев, Есіл мен Қызылжар ауданының тұрғындарынан алынды. Қызылжарлық азамат тергеу жұмыстары кезінде қаруды жазда көл жағасынан тауып алдым деген. Ал есілдік ер адам мылтықты осыдан бірнеше жыл бұрын досынан алғанын айтқан. Заңның ала жібін аттаған теріскейліктер жауапкершілікке тартылады. Олардың әрқайсысына 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Алтынай Казиканова