Денсаулық сақтау

Елімізге «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді

Қазақстанға ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді. Қазір аталған препарат «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының қоймасында сақтаулы тұр. Жақын арада бұл партия жедел түрде еліміздің барлық өңіріне жіберілмек. «Спутник Лайт» – ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті екпе. Ол Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу институтында әзірленген. Өнімнің тиімділігі 79,4% құрайды.

Эльмира Садвокасова