Спорт

Волейболдан ел біріншілігінің соңғы туры Петропалда өтеді

Волейболдан әйелдер арасындағы ел біріншілігінің соңғы туры Петропалда өтеді. Тартысты дода ақпанның 20 мен наурыздың 1 аралығында ұйымдастырылады. Оған дейін Өскемен қаласында 3-ші кезең ойындары өткізілмек. Қос турдан кейін плей-офф бастау алады. Онда үздік 4 ұжым күш сынасып, чемпион мен жүлдегерлерді анықтайды. Қазіргі таңда қуаныштық қыздар турнирлік кестенің 3-ші сатысында тұр. Қоржында 29 ұпай бар. Жергілікті бұрымдыларға алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!

Бердимурат Баймухан