Мемлекеттік қызметкерлер, әсіресе басшылық лауазымдағы жандар жылы орындарында отыра бермей, елге шығып, халықтың жағдайымен танысу қажет. Сонда ғана жұмыс жемісін береді дейді талай жыл елге қызмет еткен Қайырлы Едіресов. Зейнетте болса да, ол жұмыстан қол үзбеген. Бүгіндері облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы болып еңбек етеді.
Қайырлы Едіресұлы Президенттің жуырдағы Парламент Мәжілісінің отырысында айтқан әр сөзімен толықтай келіседі. Шыныменде, құқық қорғау органдарын реформалап, әскеріміздің материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Заманына қарай адамы демекші, мемлекеттік қызметке де тың серпіліс жасалуы тиіс. Бізге қазір жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс жасайтын жандар керек дейді облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы.
Қайырлы Едіресов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:
– Елбасының өзі де айтты. Халықпен араласу керек. Кабинетте отырмай елге шығу қажет. Көптеген мәселелері өзің барып көрмесең шешілмейді. Мысалы, ауылға су келеді. Бірақ ол ауылдың шетінде қалып қояды. Қазір оларға әжептеуір қаржы беріліп жатыр. Сондықтан жылы жерде отырмай еңбек ету керек.
Магжан Ахмадина