Елімізде 11 өңір “қызыл” аймаққа өтті

Денсаулық сақтау

22:42 14 Қаңтар 2022

Еліміздің біраз өңірінде эпидахуал күнен-күнге нашарлап барады. Өткен соңғы тәулікте 10 мың 418 қазақстандық коронавирус жұқтырып алған. Науқастардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Елордада бір күнде 5 жарым мың адам сырқаттанған. Екінші орында – Алматы қаласы. Оңтүстік астанада соңғы 24 сағатта 1 мың 115 адамнан вирус анықталған.

Шымкентте де эпиджағдай күн санап күрделене түскен. Коронавирустың таралу қарқыны өзге аймақтарға қарағанда Солтүстік Қазақстан облысында бәсеңдеу. Өткен тәулікте облыста 25 адам сырқаттанып қалған. Бүгінде біздің өңірден бөлек, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары – “жасыл” аймақта. Ал еліміздің қалған 11 өңірі – «қызыл» зонада. Бүгінде емдеу мекемелерінде шамамен 45 мың қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр. 76 науқастың жағдайы аса ауыр күйде.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Дәрігерлер қашан да зор құрметке лайық
Еуропалық иммундау апталығы бастау алды
Компьютерлік томограф аппараты іске қосылды