Мәдениет

«Sensitive» би ансамблі әлемдік додада үздік атанды

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының «Sensitive» би ансамблі әлемдік додада гран-при иеленді. «Шоумир Дом солнца Египет» атты бірінші халықаралық фестиваль осы күндері Мысырдың Хургада қаласында өтіп жатыр. Бұл додада дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиылған таланттылар бақ сынауда. Еліміздің абыройын асқақтатқан өнер ұжымы Петропавлға қаңтардың 14-і күні оралмақ.

Алтынай Казиканова