Қоғам

Мамандандырылған ХҚКО жұмысын жандандырды

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын жандандырды. Автокөлік иелері үшін мекеменің есігі дүйсенбі мен жұма аралығында сағат таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ашық. Сонымен қатар, азаматтар темір тұлпарын Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшалары арқылы қайта рәсімдей алады. Ал электронды үкімет порталында жүргізуші куәлігін ауыстырып, автомобильді қайтадан тіркеу мүмкіндігі қарастырылған. Айта кету қажет, Алматы облысы мен қаласындағы және Жамбыл өңіріндегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары әлі ашылған жоқ.

Алтынай Казиканова