Жастарға арналып жаңа мүмкіндіктер жасалмақ

Балалар

22:40 11 Қаңтар 2022

Жастарға арналып жаңа мүмкіндіктер жасалмақ. Бүгін елорда төрінде өткен Парламент Мәжілісінің отырысында ел Президенті осыны аңғартты.Қасым-Жомарт Тоқаев қала мен ауылдарда спорт объектілерін салып, қабілетті балаларға қолдау көрсетілетіндігін айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы техникалық мамандықтарға басымдық беріліп, 2025 жылға дейін елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалы ашылатындығын мәлімдеді.

Студенттерге мемлекеттен берілетін грант саны да артпақ. Алқалы жиында кейінгі буын өкілдерін жұмыспен қамту жайлы да сөз қозғалды. Бұл ретте қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әлфараби Мыңбай Президенттің тапсыруымен жастарды толғандырып жүрген біраз мәселе шешімін табатынын айтты.

Әлфараби Мыңбай, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймын. Президентіміз 6 айлық жастар практикасы мен 1 жылдық жұмыс тәжірибесін қозғады. Бұл жаңа дипломын қолына алған жастарға жұмыс табуға үлкен мүмкіндік береді.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз