10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Қоғам

8:51 11 Қаңтар 2022

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осындай Жарлыққа қол қойды.

Ел көлемінде мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы көк туымыз төмен түсірілді. Ойын-сауықтық шаралар ұйымдастырылмайды. Осы мазмұндағы телебағдарламалар да тоқтатылды. Айта кету қажет, Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда аза тұту күні осымен 11-ші рет жарияланып отыр.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз