Бизнес және экономика

Кәсіпкерлер Президенттің үндеуіне қолдау білдірді

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған үндеуіне қолдау білдіруде. Жергілікті іскер жандар өңір тұрғындарын сабырлыққа шақырып, бос дүрбелең мен арандатушылардың сөзіне ермеуді сұрады.

Владимир Богданов, СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңес мүшесі:
– Құрметті отандастар! Мен кәсіпкермін. 25 жылдан бері бизнес құрып, жүздеген жұмыс орнын аштым. Бұл шаруа әлі де жалғасуда. Соның арқасында қазіргі күні көптеген солтүстікқазақстандық жерлестерім екі қолға бір күрек тауып, отбасыларының жағдайын жасап отыр. Мұның бәріне елдегі тыныштық пен бейбітшіліктің арқасында қол жеткіздік. Сол себепті, сіздерден, азаматтық жауапкершілік танытып, Қазақстандағы тұрақтылықты сақтауға үлес қосуларыңызды сұраймын. Біздің егемендігіміз мәңгі әрі баянды болатынына сенімдімін.

Бердимурат Баймухан