Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет басшысы лаңкестікке қарсы штабтың отырысын өткізді

Таңғы 7-де мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және күштік құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиын барысында еліміздегі қазіргі ахуал, сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың барысы мен өңірлердегі жағдай қарастырылды.
Құрылымдық күштер басшыларының хабарлауынша, жалпы тәртіпті реттеуге атсалысу үшін Қазақстанға ТМД-ның әскери-саяси ұйымынан біріккен бітімгерлік күштері келуде. Олар уақытша стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз етпек. Отырыста Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы есеп берді. Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру жөнінде бірқатар нұсқау берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Антитеррор операциясы басталды. Күштік құрылымдар қауырт жұмыс атқарып жатыр. Негізінен бүкіл өңірде конституциялық тәртіп қалпына келтірілді. Жергілікті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Алайда лаңкестер қару қолданып, азматтардың жеке мүлкіне залал келтіруде. Сондықтан лаңкестікке қарсы іс-қимылдар содырларды толық жойғанша жалғаса береді.

Байболат Култанов