Қоғам

Қоғам өкілдері Президенттің шешімін қолдайды

Төтенше жағдайға байланысты еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығы уақытша жұмысын тоқтатты. Аталған мекемелер Қазақстандағы ахуал тұрақталғанша дейін жабық болмақ. Қазір солтүстікқазақстандық қоғам белсенділері жерлестерімізді сабырлық сақтап, ланкестердің іс-әрекеттеріне ермеуге шақырады. Өңірімізге белгілі тарихшы, Қозыбаев университетінің “Рухани жаңғыру” әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Зәуре Қартова орын алған бүлікті бірлік және Тәуелсіздігімізді құрметтеу арқылы ғана реттей аламыз дейді.

Зәуре Қартова, Қозыбаев университетінің “Рухани жаңғыру” әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры:
– Қаңтар айындағы жағдай еліміздегі тыныштықты бұзды. Бұл іс-әрекет дұрыс емес деп ойлаймын. Қазір қоғамдық тыныштықты сақтау аса маңызды.

Эльмира Садвокасова