Денсаулық сақтау

Үкімет отырысында ревакцинация жайы қаузалды

2022-ші жылдың бірінші жартыжылдығында 9 миллион қазақстандықты ревакциналау қажет. Еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады. Жоспарды орындау үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. “Бұл істе ақпарат, денсаулық сақтау министрліктері және облыс әкімдіктері белсенділік танытуы қажет”,- деді министрлер кабинетінің жетекшісі.

Жалпы эпидемиологиялық жағдайға тоқталайық. Асқар Маминнің айтуынша, бүгінде ахуал тұрақты. Қазір жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімдерінде жатқан науқастардың саны 17 пайызды құрайды. Сонымен қатар, ауыр халдегі адамдардың қатары айтарлықтай төмендеген. Өңірлердің басым бөлігі – “жасыл” аймақта. “Сары” зонада – Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы.

Бердимурат Баймухан