Шаһарда мектеп оқушыларына арналған жаңажылдық квест өткізілді

Балалар

22:35 28 Желтоксан 2021

Уақыт калейдоскопы! Тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері осындай атаумен бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңажылдық квест өткізді.

Желтоқсанның 21-і күні бастау алған іс-шараға 40-қа жуық қала мектебінің шәкірті қатысқан. Ойын барысында балалар тарихи кезеңдерге сапар жасап, түрлі тапсырмалар орындады. Соңында оларды Аяз ата мен Ақшақар күтіп алып, арнайы мерекелік сыйлықтарды табыстады.

Ғалия Бердіғұлова, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары:

– Музей қызметкерлері барлық мерекелерде белсенділік танытады. Әрқашанда осындай іс-шараларды ұйымдастырады. Киімдердің барлығын өзіміз тігеміз. Сондай-ақ, әріптестеріміз де көмектеседі.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Жасотандықтар Президент тапсырмаларына қатысты пікір білдірді
Жастарға арналып жаңа мүмкіндіктер жасалмақ
Қазіргі балалардың кітап оқуға деген құлшынысы аз