Денсаулық сақтау

Петропавл 2-ЖЭО-ғы апаттан 1 маман зардап шекті

Петропавлдағы 2-Жылу электр орталығында апат орын алып, 1 маман зардап шекті. 27 жастағы азамат жұмыс барысында буға күйіп қалған. Жұма күні орын алған оқыс оқиғаның салдарынан денесінің 40 пайызы зақымдалыпты. Беті, мойны мен белден төменгі тұсы күйген.Жұмыс орнында зардап шеккен жігіт қазір №3 қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр.

Жанна Мауытова, қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері:

Жарақаттанған азаматтың қазіргі жай-күйі белгілі. Ол есін жиып, өз бетімен тыныс алуда. Бірақ, жағдайы әлі де ауыр. Мен пациентпен сөйлесіп, оның жағдайы туралы ақпаратты жұртшылыққа жариялауға рұқсат сұрадым. Науқас – дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Алтынай Казиканова